7,5 шақырымға созылған спринттік қашықтықты қазақ ұлы 22 минут 9 секудта жүріп өтіп, қола жүлдеге қолжеткізді. Бұл парабиатлондағы тарихи нәтиже деп айтсақ болады. Ербол тек қытай спортшыларына жол берді демесеңіз, нысана көздеуде мүлт кетпей, шаңғымен жүгіруде шапшаңдық танытты. Осы сайыста Хамитовтан бөлек, жерлестеріміз Сергей Усольцев 11-ші сатыға тұрақтаса, Юрий Березин мәре сызығын 13-ші болып кесті. Айта кетейік, парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі 8-ші және 11 қаңтар аралығында Германияда өткен болатын. Енді Польша мен Германияда халықаралық жарыстар жалғасады. Қазақстан құрамасы осы сайыстарға да қатысып параолимпиада ойындарына жолдама алуды көздейді.