Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 8 отандасымыз 4 спорт түрінен сынға түсті. Медальдан үміт күтіп отырған шорт-трекшілеріміз Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша ширек финалда екенін білеміз. Бүгінгі жарыстардан жақсы жаңалық бар ма?
Софья Самоделкина, мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі:
- Өте қуаныштымын. Барлық элементтерді мінсіз орындадым деп ойлаймын. Енді еркін бағдарламада бар күшімді саламын. Бапкерім мақтап жатыр, мұның өзі де жетістік. Мен де оған ризамын. Онымен жаттығу өте қолайлы. Осындай мүмкіндік берген бәріне алғысым шексіз. Қазақстан – менің елім. Еліме ризамын.