Елордада бокстан халықаралық турнир басталды

  • 8
  • 05.03.2026, 21:50

Астанада бокстан жастар арасында ҚАЗССР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің 20 өңірінен спортшылар жиналды. Жалпы 300-ге жуық қолғап шебері қатысып жатыр. Жарыс 5 күнге жалғасады. Осы күндері 2010 және 2011 жылы туған жасөспірімдер үздік орындарға таласады. 

Диас Исатай, қатысушы:

- Бірінші жекпе-жегімді өткізіп, жеңіске жеттім. Алдағы уақытта да осы қарқынды сақтап, жеңісті жалғастырамын деп ойлаймын.