Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов баспаналы болды

  • 10
  • 27.03.2026, 21:47

Астанада Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Еске салсақ, ол Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алтын және қола медаль салған. Осылайша, Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиада бағдарламасының екі санатында жүлде алған алғашқы спортшы атанды. Күні кеше Мемлекет басшысы Ербол Хамитовке III дәрежелі «Барыс» орденін табыстаған еді.

Ербол Хамитов, Паралимпиада ойындарының чемпионы:

- Барлықтарыңызға рақмет! Мен өте қуаныштымын. Осы менің арманым болды Паралимпиада чемпионы болу және де біз осымен тоқтамаймыз. Алға мақсаттар қойып, Мемлекет басшымыздың қолдауымен, басқа да жеңістерге жетеміз деп ойлаймын.