Елорда төрінде семсерлесу спортынан әлем кубогі жолындағы жарыс өтіп жатыр. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге бірнеше мемлекеттен мыңға жуық үміткер жиналды. Олардың арасында әлем және Олимпида сондай-ақ құрлық чемпиондары бар. Қазіргі таңда әлем мықтылары Қазақ семсершілерімен санасады. Өйткені біздің спортшылар дүниежүзілік жарыстарда тіс қаққан мықтылармен тіресіп қана қоймай жекелей және командалық есепте жүлде алып жүрген жәйі бар. Сондықтан да әлем мықтылары қазақ спортшыларына құрметпен қарайды. Астанада басталған дүбірлі дода енді қызады. Әзірше ерлер мен қыздар арасында шпагадан іріктеу сайыстары өтіп жатыр. Жерлестеріміздің аяқ алыстары жаман емес. Ертең жүлделі орындар сарапқа салынып, жексенбі күні командалық сайыстар өтеді. Ендеше Қазақстан жеңіл атлетика кешеніне келіп спортшыларымызға қолдау көрсетіңіздер.
Елена Рыбакина Беларусь теннисшісінен ұтылды.
Жақында ғана осы Америка жерінде өткен Индиан Уэллс турнирінің финалында Аринаның асығы алшысынан түскен. Бұл жолы да Соболенко қарсыласына сан соқтырды. Әлемнің бірінші ракеткасы атануды басты мақсат еткен Рыбакина сол үшінде Қазақстан құрамасына ойнаудан бас тартқан болатын. Бірақ дәл қазір Беларусь теннисшісінің алдына түсе алмайтын секілді. Ойын ұзаққа созылған жоқ. Екі сетта 6:4 6:3 есебімен жеңіске жеткен Арина Соболенко финалда корт иесі Кори Гауфпен кездеседі.