Елде боксты дамытуға бағытталған жаңа тұжырымдама бекітілді

  • 41
  • 03.04.2026, 21:41

Қазақстанда боксты дамытуға бағытталған 2026-2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама бекітілді. Құжат Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қабылданып, оған Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Ең алдымен бокс инфрақұрылымы жаңарып, жаңа залдар ашылады. Бұл әсіресе өңірлер мен ауылдарда спортқа қолжетімділікті арттырады. Бұқаралық спорт кеңейіп, спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны артады. Сонымен қатар жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігі көтеріліп, ғылыми және медициналық қолдау күшейтіледі. Бұл өзгерістер дайындық сапасын арттырып, қазақстандық боксшылардың халықаралық аренадағы нәтижесін жақсартуға мүмкіндік бермек. Қазірдің өзінде елде 153 мыңнан астам адам бокспен айналысады.