Азия біріншілігі: Ұланбатырда жартылай финалдық жекпе-жектер өтті

  • 8
  • 06.04.2026, 22:00

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Күндізге жарыс кестесінде біз күтпеген нәтижелер тіркелді. Яғни бас жүлдеден басты үміткерлер қола медальды қанағат тұтты.

Ұланбатырда өтіп жатқан Азия біріншілігі шарықтау шегіне жетті. Қазір әрбір кездесу тартысқа толы. Іріктеуден іркілмей өткен кіл мықтылар мен нағыз бабында келген былғары қолғап шеберлері финалдық жолдама үшін айқасқа түсіп жатыр.

Біздер үшін дүйсенбілік жарыс күні жақсы басталды. Шаршы алаңға бірінші болып бұрымдылар көтерілді. 70 келі салмақта ел намысын қорғаған Бақыт Сейдіш қытайлық Альмира Абдреймумен жұдырықтасып тартысты өткен кездесуде 5:0 есебімен жеңіске жетті. Жастар арасында әлем чемпионы болған Альмира да осал емес еді. Бірақ Бақыт тамаша тактика ұстана білді. Алғашқы екі раундтта тынбай жұмыс істеп үшін раундта көбіне қорғанысқа көңіл бөлді. Осылайша ересектер арасында алғаш рет финалға шыққан жерлесіміз енді көк туымызды биіктен желбіретсем деп отыр.

Бақыт Сейдіш, Қазақстан құрамасының мүшесі:

-Бақыттың жеңісті жолын Валентина Хальзова жалғастыра алмады. Қарсыласының да керемет жұдырықтасқаны шамалы. Жалпы жартылай финалдағы ең бір сылбыр кездесу осы болды. Қытай боксшысына ұпай санымен жол берген Валентина қоланы қанағат тұтты. Артынша жігіттерге кезек келді. Қазақ елі үкілеген Махмуд Сабырхан шаршы алаң иесімен қолғап түйістірді. Моңғол боксшысы Махмұдтты әбден зерттеген екен, толассыз соққыларға тосқауыл қойып шабуылда ширақ қимылдады. Жергілікті жанккүйерлердің қолдауы да жігерлендіріп Булгуунсайхан жеңіске жетті. Махмұдқа қола бұйырды. Кешкі жарыс кестесін Надежда Рябец бастап берді. Қарсыласы осал емес еді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Пужа Раниге ұтылып жатып жеңісті жұлып алды. Надежданың жеңісті жолын командаласы Дина Исамбекова да жалғастырды. Ең ауыр салмақта сынға түскен Исламбекова өзбек қызынан айласын асырды. 65 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов ерлік жасай алмады. Қолы ұзын тай боксшысы Ертуғанның еркін қимылдауына еш мүмкіндік бермеді. Осылайша Зейнуллинов Ұланбатырда қола жүлдегер атанды. Ал Төрехан Сабырханның жекпе-жегі осы кештің тұздығы болды. Төрехан қытай боксшысына бас көтерткен жоқ. Техникалық нокаутпен жеңіп, сенімді түрде финалға шықты.

Төрехан Сабырхан, Қазақстан құрамасының мүшесі:

-Ертең де жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасады. Шаршы алаңға ағайынды Оралбайлар мен Оразбек Асылқұлов, Сағындық Тоғамбай мен Сабыржан Аққалықов пен қыздар арасында Әйгерім Сәттібаевалар шығады. Жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз.

Жандос Айтбайұлы