Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалға жолдама алды

  • 10
  • 07.04.2026, 22:00

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін барлық салмақта финалға жолдама алған мықтылар анықталды. Қазақ елінің боксшылары жеті салмақта құрлық чемпионы атану үшін шаршы алаңға шығады.  

Моңғолия астанасында өтіп жатқан құрлық додасы мәреге жақын қалды. Енді бір күндік демалыстан кейін финалдық айқастар өтеді.

Қазір Азия құрлығында бокс қарқынды түрде дамып келе жатқанын жарыс барысында байқадық. Кей салмақта әлем чемпиондарының өзі алғашқы айналымда-ақ аттан ауып жатты. Ересектер жарысына енді ғана араласа бастаған жастардың да қарқыны күшті. Яғни тыңғылықты дайындық жүргізіп жарысқа жарап келмесең жастар кешірмейтінін көрсетті. Бүгінгі жартылай финалдық кездесулер де тартысқа толы болды. Сейсенбілік жарыс шымылдығын бұрымдылар ашып, шаршы алаңға Әйгерім Сәттібаева көтерілді. Қарсыласы моңғол боксшысы болатын.  Жерлесімізде тәжірибе жетіп артылады емес пе?! Шаршы алаң иесін атойлап жүріп ұтпасаң жеңісті бере салмайтынын түсінген Әйгерім бірден жекпе-жек тізгінін қолға алып соққыларын дәл тигізіп жатты. Бірінші раунд 5:0 болу керек еді, төрешілер пікірі екіге жарылды. Одан кейін де түсініксіз шешімдер қабылдап бас қазы моңғол қызының қолын көтерді. Әйгерім қола жүлдегер. Сәттібаеваның есесін  жігіттер қайтарды. 75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов қарсыласын әбден сабады. Дал-дұлы шыққан Далай есімді моңғол боксшысы ес жиа алмай кездесуді ерте аяқтауға мәжбүр болды. 85 келіде Нұрбек Оралбай да шаршы алаң иесі Бариахаан Доржбен қолғап түйістірген болатын. Жергілікті жанкүйерлер қанша қолдау танытып қиқуласа да, Нұрбек қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Сенімді түрде жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ағасы Айбек те жартылай финалдан қиналмай өтті. Түркімен Довлет Исламовты айқын басымдықпен ұтқан жерлесімізге үш дүркін Азия чемпионы атанатын тамаша мүмкіндік бар. Айбек Оралбай енді қытай қазағы Данабек Байқоныспен Азияның алтынын сарапқа салады.

Айбек Оралбай, Қазақстан құрамасының мүшесі:

-Кешкі жарыс кестесінде қазақ өзбек арасындағы тартысты жекпе-жектер өтті. Алдымен 60 келі салмақта Оразбек Асылқұлов Әбдірахмон Махмуджоновпен қолғап түйістіріп, керемет өнер көрсетті. Кереметі сол қарсыласының еркін қимылдауына еш мүмкіндік бермей, жеңісті жұлып алды.

Оразбек Асылқұлов, Қазақстан құрамасының мүшесі:

-Жарысты 90 келі салмақтағы жігіттер түйіндеді. Сағындық Тоғамбай мен өзбек Халимжон Мамасалиев бір-бірін аяған жоқ. Қолдарын құлаштай сермеп жеңіске жету үшін жандарын салды. Бұл жолы Өзбек былғары қолғап шебері жеңіске жетті.

Финалда Қазақстан қыздар құрамасынан үшеу, жігіттерден бес боксшымыз жұдырықтасады. Жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз.

Жандос Айтбайұлы