Өзбекстан астанасы Ташкентте таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүниежүзілік жарыстың соңғы күнінде жерлесіміз Әділет Шері қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл Қазақстан қоржынындағы 5-ші жүлде. Бұған дейін спортшыларымыз бір алтын, үш қола медаль иеленген болатын.
Дзюдошылар олжалы болды
Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні жерлестерімізге жүлде бұйырмай, қоржынымыз бос қалған еді. Ал жұма күні спортшыларымызға сәттілік серік болды.
Рет ретімен айтсақ, алдымен қыздар арасында Эсмигуль Куюлова 63 келі салмақта қола жүледге қол жеткізсе, ерлер арасында Абылайхан Жұбаназар дәл осы биіктен көрінді. Қазақ жанүйерлерін қуанышқа бөлеген Әділет Алмат болатын. 81 келі салмақта татамиге шыққан жерлестеріміз қарсыластарының барлығын қапыда қалдырып, Азия чемпионы атанды. Наурыз айында Загребте өткен Гран-при жарысында да Әділеттің қанжығасы майланып, топ жарған болатын. Енді міне, Ордоста да оза шапты. Әділет осы қарқынын жоғалтпаса, әлі талай шың басына шығады деген үміт бар.