Алматыда ТМД елдерінің әскерилері арасында самбо және қазақ күресінен ашық біріншілік өтіп жатыр. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей елдерінің ең мықты деген әскери спортшылары қатысуда. Жарыс екі күн бойы Орталық армия спорт клубының базасында өтеді. Алдымен самбошылар өзара жүлделі орындарды сарапқа салса, ертең қазақ күресінен белдесулер өтеді. «Бұл жарыстар әскери қызметшілер арасындағы спорттық байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және ұлттық күрес түрлерін насихаттауға ықпал етеді», - дейді ұйымдастырушылар
Қаныш Әбубәкіров, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:
- Спартакиада ТМД арасында біздің Жоғарғы Бас Қолбасшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қойған тапсырмасы. Ұлттық спорт түрлерін көтеру. Сол мақсатта біз әскери қазақ күресін көтеріп келе жатқанымызға 3 жылдан асты. Қазақ күресі әскерлердің де бағдарламасына қосылып жатыр.