Семсерлесу: Ерлік Сертай Гран-при кезеңінде күміс жүлдегер атанды

  • 9
  • 20.04.2026, 21:45

Мажарстан астанасы Будепешт қаласында семсерлесу спортынан әлемдік гран-при жарысы өтті. Бұл сынға дүниежүзінің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысқан болатын. Қазақ елінің намысын тәжірибелі спортшылар қорғап, тек Ерлік Сертай ғана үздіктер қатарынан көріне алды. Іріктеу кезеңінде ірілік танытқан Ертай алты бірдей кездесу өткізіп барлығында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Одан кейін плей-офф кезеңінде тағы бес жекпе-жек өткізді.

Оңтүстік Корея мен Венгрия, және Чехия мен швейцариялық қарсыластарының осалы жоқ еді. Бірі Олимпиада жүлдегері десек, Олимпиада чемпионы, жарыс иесі Гергей Шиклошиден айласын асырып, ақтық сынға жолдама алды.

Финалда тағы бір венгр спортшысы Париж Олимпиадасының жеңімпазы Давид Нагимен жолықты. Өте тартысты өткен кездесуде қарсыласына 12-де 15 есебімен жол берген Ерлік Сертай күміс жүлдені қанағат тұтты.