Баскетболдан жоғарғы лига командалары маусымды қортындылады

  • 74
  • 04.05.2026, 19:40

Қазақстан баскетболының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ұлттық біріншілік биыл тартысқа толы болды. Соңғы турға дейін командалар турнир кестесінде иық тірестіріп келген. Тек Түркістан қаласында өткен шешуші турда ғана жүлделі орындардың тағдыры шешілді. 

Жергілікті жанкүйерлер алдында «Тұран» баскетболшыларын тоқтату мүмкін болмады. Бас жүлдені оңтүстіктің қос командасы өзара сарапқа салды. Түркістан мен Шымкент арасындағы қиян-кескі ойында алаң иелерінің асығы алшысынан түсті. 87-де 64 есебімен жеңіске жеткен «Тұран» бас жүлде иегері атанды.

Самат Рысбеков, «Тұран» баскетбол клубының директоры:

- «Тұран» тәлімгері Юнус Ирисметов ең үздік жаттықтырушы болып танылды. Ал қоланы қос «Барыс» сарапқа салған болатын. Жартылай финалда «Тұранға» тізе бүккен Қызылжардың «Барс» командасы үшінші орын үшін болған ойында Атыраудың «Барсы» командасын 76-да 53 есебімен ұтып, үздік үштіктен көрінді. 

Енді жоғарғы лига жеңімпазы «Тұран» баскетбол клубы ұлттық лигада Алматының «Легионымен» жартылай финалдық жолдамаға таласады.