Grand Prix турнирі: парадзюдошылар 5 медаль еншіледі

  • 7
  • 13.05.2026, 19:47

Қазақстандық парадзюдошылар Grand Prix турнирінің алғашқы күнінде 5 медаль жеңіп алды. Оның 2-і алтын, үшеуі қола. Әуелі 70 келіде Ибрагим Нұрмаханұлы J2 санатында топ жарса, артынша 81 келіде Бексұлтан Құлмырза қарсыластанының бәрін жеңіп жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ Альфия Тілекқабыл мен Іңкәр Бауыржан және Ескендір Ұлдановтар үздік үштіктен көрінді.

Айта кетейік, елорда төрінде өтіп жатқан байрақты додаға 24 елден 140-қа жуық спортшы қатысып жатыр. Бұл сында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпайлар беріледі.

Медет Байкен, Қазақстан Зағиптар қауымдастығының төрағасы:

- Бұл дәстүрге айналған жарыс осымен 6 жыл қатарынан Қазақстанда өтіп жатыр. Мықты әлем чемпиондары келіп, осы жерде сынға түсіп жатыр. Жарыстың деңгейі өте жоғары өтеді. Себебі бұл жарыс IJF пен IPSA мекемелерінің бірлескен джойнт ивент болып жатыр. Ең үздік төрешілер жиналып жатыр. Алда Азия ойындары келе жатыр. Күзде Жапонияда, соған байланысты түпкі картинасы белгілі болады. Соған қарай Азия ойындарына дайындалатын боламыз.