Бес дүркін олимпиада чемпионы жас өрендермен жүздесті

  • 6
  • 12.05.2026, 19:57

Бес дүркін олимпиада чемпионы Нелли Ким Алматыда  жас өрендермен жүздесті. Қалалық №9 Олимппиадалық резервтегі мамандандырылған жасөсіпірімдер мектебінде спорттық гимнастикадан қыздар арасында ел біріншілігі өткен болатын. Жеңімпаздарды саңлақ спортшының өзі марапаттады. Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы қазіргі таңда жетекші елдердің қатарында. Біздің спортшылар әлемдік жарыстардан құры қол қайтып жүрген жоқ.  Жас өрендердің аяқ алысын байқап көрген Нелли Ким болашағынан зор үміт күттіретін таланттарға ақ батасын берді.  Спорт мектебін аралап көрген олимпиада чемпионы замануи үлгіде салынған оқу орнына оң бағасын беріп, қазақ елінен әлі талай чемпиондар шығарына сенім білдірді.