Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтіп жатыр

  • 6
  • 15.05.2026, 19:58

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтіп жатыр. Бұл сынға әр аймақтан 160 зілтемірші жиналған. Ерлер мен әйелдер 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, кейін командалық сайыста өнер көрсетеді. Бұл жарыс спортшылар үшін өте маңызды. Яғни ел біріншілігінде олжа салғандар ұлттық құрамаға шақырту алып, Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.

Жарыс 19-шы мамырға дейін жалғасады.Осыған дейін жеңіл салмақтағы мықтылар анықталып, ел рекорды бірнеше рет жаңарды.  

Әлішер Тұрғанбай, ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы:

- Мен бұл жарысқа 60 келі салмаққа шықтым. Жұлқа көтеруден 123 келі көтеріп, ҚР рекордын жаңарттым. Серпе көтеруден 148 келі көтердім.  Жалпы есепте 271 келі жинақтадым. Жылдың соңында әлем чемпионаты бар. Соған дайындаламыз.