Талдықорған төрінде ауыр атлетикадан ел біріншілігі аяқталды. Жалпы командалық есепте ерлер мен әйелдер арасында Жетісу облысы бас жүлде иеленсе, Қарағанды облысы екінші орыннан көрінді. Ал Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы үштікті түйіндеді.
Жарыстың соңғы күндері ауыр салмақтағы мықтылар жүлделі орындарды сарапқа салды. 88 келі Едіге Емберді ел рекордын жаңартып, Қазақстан чемпионы атанса, жұлқа көтеруде алдына жан салмаған Әлихан Әскербай қоссайыс қортындысы бойынша қоланы қанағат тұтты. Ал Алматы облысының намысын қорғаған Нұржан Жұмабай – күміс жүлдегер.
94 келіде 8 үміткер бақ сынап, төртеуі ғана жарысты аяқтады. Бұл салмақтың басты фавориті Әділет Нұрғисаұлы жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмады. Нәтижесінде 370 ұпай жинаған Сергей Петрович ел чемпионы атанса, қызылордалық Асылжан Бектай күміс, ал Рио Олимпиадасының жүлдегері Денис Ұланов қоланы еншіледі. Осы біріншіліктен кейін Денис үлкен спортпен қош айтысатынын мәлімдеді. Ең ауыр салмақта Артем Антроповтың асығы алшысынан түсті.