Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

  • 5
  • 21.05.2026, 19:51

Моңғолия астанасы Ұлан-батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионты басталды. Бұл сынға құрлықтың ең үздік деген балтаяқты спортшылары жиналды. Олардың арасында Қазақ елінің ұл-қыздары да бар.

Жарыстың бірінші күні қоржынымызға қола медаль түсті. 54 келі салмақта Еркебұлан Еңсегенов алдымен қытай спортшысын жеңсе, артынша филипин өкілінен басым түскен. Өкінішке қарай, жартылай финалда йорданиялық қарсыласына есе жіберіп алды.

Алдағы уақыттары Қазақстан қоржынындағы медаль саны арта түседі деген үміт басым. Өйткені жастар арасында әлем чемпионы болған Батырхан Төлеуғалия мен Бейбарыс Қаблан және қыздар арасында дүниежүзілік жарыстың жүлдегерлері Айдана Құмартаева мен Нодира Ахмедовалар даянга енді шығады.