Таеквондодан Азия чемпионаты аяқталды

  • 4
  • 25.05.2026, 19:43

Моңғолияның Ұлан-батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың алғашқы күні-ақ Қазақстан қоржынына қола медаль түсіп, "енді алтынның да ауылы алыс емес", - деп топшыладық. Өйткені әлемдік жарыстарда олжа салып жүрген қыз-жігіттер бар еді. 

Алайда біз сенім артқан Батырхан Төлеуғали мен Бейбарыс Қаблан және Айдана Құмартаева мен Нодира Ахмедовалар жүлделі орыннан шет қалды. Еркебұлан Еңсегеннен бөлек, Самирхон Абабакиров пен Элдар Бірімбай және Назым Махмұтовалар қола медаль еншіледі. Сондай-ақ құрлық біріншілігі барысында жерлестеріміз Азия ойындарына 7 салмақта жолдама ұтып алды.

Енді күзде Жапонияның Нагоя қаласында өтетін құрлық додасына спортшыларымыз шыңға шығады деген үміт басым.