Ыстықкөлде парусты спорт түрінен Орта Азия чемпионаты аяқталды

  • 4
  • 28.05.2026, 19:40

Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін желкенді қайықшылар жарысы Қырғыз елінде тұңғыш рет ұйымдастырылған болатын. Бұл сайысқа жарыс қожайындарынан бөлек, Өзбекстан мен Қазақстаннан 59 үміткер қатысты. Желкенді қайықты тізгіндеу оңай шаруа емес. Парусты спорт көрер көзге қызық болғанымен, қиындығы жетіп артылады. Ауа райын алдын ала болжап, желдің бағытын дөп баса алмасаң, барлық жоспарың күл-талқан болады. Яғни, бір ғана қателік қайығыңды төңкеріп тастайды. "Сондықтан бұл жерде тек күш қана емес, физика мен есепке де жүйрік болу керексің", - дейді мамандар. 

Жарыс нәтижесі көңіл қуантады. Олимпиадалық класс, яғни ILKA-7 жаттығуы бойынша жерлестеріміз Владимир Шанкин екінші орыннан көрінсе, Антон Гасс үштікті түйіндеді. Ал ILKA-6 сайысында қазақ ұлы Заңғар Әбдірахман жеңімпаз атанса, жасөсіпірімдер арасында Илья Иванов мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.