Стамбул қазақ мергендері топ жарды

  • 4
  • 08.06.2026, 20:00

Түркияның Стамбул қаласында өткен халықаралық Fetih Kupasi турнирінде қазақ мергендері топ жарды. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 3 қоланы иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Чемпион атанғандардың бірі Фариза Сабыржанды бүгін туған-туыстары, әріптестері мен жанкүйерлері Астанадағы халықаралық әуежайда салтанатты түрде қарсы алды. Айта кетейік, әлемдік дода алдында ұлттық құрама арнайы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, тыңғылықты дайындық жүргізген. Міне нәтижесі, 45 елдің ішінде үздік атанды. Fetih Kupasi дəстүрлі садақ ату спортында əлемдік деңгейдегі басты турнир саналады. Дода осымен 14-рет ұйымдастырылып отыр.

Диас Ахметов, Дәстүрлі садақ ату спортынан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері:

-Бұл өте жоғары деңгейдегі жарыс. Біз үшін әлем чемпионатымен тең. Міндеттемемізді негізі 200 пайыз орындап келдік. Жалпы мақсатымыз бір алтын алу болған негізі. Спортшылардың дайынды біз 3 алтын, 2 күміс, 3 қола иелендік.

Нартай Аралбайұлы, Қазақстанның дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:

-Бізде қазір сексенге жуық спортшымыз бар ұлттық құрамада. Ал елімізде дәстүрлі садақ атумен айналысатын азаматтардың саны 30 мыңға жуықтады. Алда тұрған мақсатқа келетін болсақ барған жерден тек алтын мен жеңіспен оралу.