М. Әшімбаев бочча жеңімпаздарын марапаттады

  • 5
  • 09.06.2026, 19:50

Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев әлем кубогының жеңімпаздарын марапаттады. Ол спортшыларды дүбірлі доданың аяқталуымен құттықтай келе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті қоғам қалыптастыруға арналған бастамасының арқасында елде параспорт қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әлем кубогының Қазақстанда өтуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі екенін айтты.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық сайыста ВС1 санатында Индонезия құрамасы жеңімпаз атанса, ВС3 санатында Франция алтын медальді жеңіп алды. ВС4 санатында Ұлыбритания құрамасы топ жарды.