Талдықорғанда хоккейден Азия кубогы басталды

  • 8
  • 25.06.2026, 19:45

Беделді сайыста 20 жасқа дейінгі ең мықты жастар командалары бақ сынайды. Біріншілікке сегіз елдің спортшылары қатысып отыр. Фавориттердің қатарында Оңтүстік Корея, Иран және Шри-Ланканың командалары бар. Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырына көтерілу үшін барынша күш салмақ. Өз алаңымызда өтіп жатқан турнирде ел намысын 15 ойыншы қорғайды. Олардың әрқайсысы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Сарапшылар біздің командамыздың осы кубокта үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігі бар деп санайды. 

Орман Махмуд, облыстық көгалдағы хоккей федерациясының вице-президенті:

-Азия чемпионатын уже алтыншы рет қабылдап жатырмыз. Үлкен жарыс, сегіз мемлекет қатысып жатыр, Дайындық жақсы, мақсат қойылған, келесі дивизионға жолдама алуымыз керек, үздік төрт команда жеңу керек.