Көкпардан ұлттық құраманың жаттығуы басталды

  • 10
  • 30.06.2026, 19:50

Көкпаршылар олимпиадалық орталыққа барып, олимпиада қатысушыларымен тең деңгейде дайындалып жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ұлттық спорт өкілдеріне осындай жағдай жасалды. Яғни Нұрдәулет Момынов бастаған жігіттер Алматы іргесінде су жаңа спорттық базада жалпы физикалық дайындықты пысықтауға кірісті. Осы мақсатта арнайы маманды тартқан және арнайы әдістеме жасатқан. Бас-аяғы 24 жігіт осы жерде енді 20 күн бойы шынығады. Одан кейін көкпар аттарымен әзірлік басталады. Жалпы алғанда, Көшпенділер ойындарына дейін осындай 4 жаттығу жиыны жоспарланған. 

Айта кетейік, Дүнеиежүзілік көшпенділер ойындары биыл көрші Қырғыз елінде болады. Жарыс 31-ші тамызда басталып, 6-қыркүйекке дейін жалғасады.