Д. Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын соқты

  • 1
  • 28.07.2026, 19:59

Отандасымыз Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты. Лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо 17 жастағы шабуылшыны «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы негізгі құрамда шығарды. Нәтижесінде, отандасымыз жолдастық кездесудің небәрі жетінші минутында есеп ашып, дебюттық голын салды. Айта кетейік, матч Челсидың оқу-жаттығу жиыны аясында өтті. Бұдан кейін ақсүйектер Азия турнесіне аттанып, «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» клубтарымен жолдастық кездесулер өткізеді.