«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

  • 5
  • 30.07.2026, 19:41

«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Кипрдың «Омония» клубын қабылдап, жеңіске жетті. Екі кездесудің нәтижесі бойынша 1:1 есебімен тең түсті. Овертаймда да табло өзгерген жоқ. Қосымша уақытта кипрлық клуб 9 ойыншымен ғана қалды. Десе де матч тағдыры ойыннан кейінгі пенальтиде шешілді.

Алматылық команданың қақпашысы Темірлан Анарбеков бұл жолы да ерледі. Ол «Омония» футболшылары тепкен екі допты қайтарды. Осылайша пенальти есебі 6:5 болып аяқталды. Келесі кезеңде алматылықтар Болгарияның «Левски» командасымен кездеседі. «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин бұл жеңіс оңайға соқпағанын айтады. 

Рафаэль Оразбахтин, «Қайрат» ФК бас бапкері:

- 14 күннің ішінде бес ойын өткіздік. Оның үстіне ұзақ сапарлар болды, үш матчты сырт алаңда ойнадық. Сондықтан жігіттерге оңай болған жоқ. Қазір оларға толық екі күн демалыс бердік. Олар тек физикалық тұрғыдан ғана емес, эмоциялық жағынан да тынықсын дейміз.