Астанада «Болашақ ойындарының» екінші күнгі сайыстары өтті

  • 6
  • 30.07.2026, 19:46

Дүбірлі додада фиджитал баскетболдан ел атынан GTB.KZ ұжымы бақ сынады. Жерлестеріміз қытайлық МDМХ командасына 27:30 есебімен есе жіберді. Ал қазақстандық «Астана» командасы сербиялық ұжыммен бақ сынасады.

Айта кетейік, «Болашақ ойындары» 9-тамызға дейін жалғасады. Фиджитал баскетбол ойындарынан соң Counter-Strike 2, dota, Mobile Legends сынды белгілі ойын түрлерінен жарыс басталады. 

Есет Жарқылов, GTB.KZ командасының мүшесі:

- Осы турнир аяқталғаннан кейінгі келесі жоспарымыз – бір жылдың ішінде киберспортты қарқынды дамыту. Себебі келесі турнир Бразилияда өтеді. Соған жақсылап дайындалып, жоғары нәтиже көрсетеміз деп ойлаймыз.