Астанада тұңғыш Еthnophygital жарысы өтті

  • 4
  • 04.08.2026, 19:48

Асық ату, тоғызқұмалақ және ұлттық биден дәстүрлі жарыс цифрлық кеңістікте жаңғырды.

Астанада «Болашақ ойындарының» аясында «ЭтноФиджитал» халықаралық жарысы ұйымдастырылып, оған 50-ден астам жеткіншек қатысты. Додаға түскен әр қатысушы алдымен цифрлық немесе интерактивті ортада тапсырманы орындауға тиіс. Кейін нақты спорттық, зияткерлік немесе шығармашылық сынақта өз шеберлігін көрсетеді.

Қорытынды нәтиже екі кезеңнің жиынтық ұпайымен анықталады. Бұл тәсіл ұлттық дәстүрдің төл болмысын сақтай отырып, оны жас ұрпаққа тартымды әрі түсінікті етпек.

Дәулет Нұрболатұлы, Қазақ ұлттық спорт университеті департаментінің директоры:

- Ұлттық спортымызды цифрландыру болашақта біздің ұлттық спорттарымызды әйгілендіруге бағытталған. Қазіргі заман сондай, мысалы, қолдарында гаджеттер дегендей, сондықтан балаларды осындай ұлттық спорттарға баулып жатырмыз.