Алматыда университеттер арасында шахматтан командалық әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада Қазақ ұлттық спорт университетінің командасы қола жүлде иеленді. Негізгі матчтарда тараптар бір-бірден жеңіске жетіп, есеп 2:2 болды. Тай-брейкте де командалар тең түсті. Қола жүлденің тағдырын «армагеддон» шешті. Шешуші партияда қазақстандық команданың капитаны, гроссмейстер Қазыбек Нөгербек америкалық қарсыласын ұтты. Ал чемпионаттың алтын жүлдесін Ресейдің Урал командасы жеңіп алды. Екінші орында АҚШ-тың Сент-Луис университеті.
Қазыбек Нөгербек, гроссмейстер:
-Әрине ойын өте қиын болды. Біріншіден біз матчты жеңіліп отырғанбыз. Бірақ біздің команда соңына дейін күресті. Біздің ойыншы Арыстан Исанжолов қарамен екі ойынды ұтты. Ол өте қиын, өйткені қарсыластар гроссмейстер болды. Егер Арыстан мысалы қарамен тең ойнаса біз бүгін ұтпайтын едік. Барлық ойыншылар өз үлесін қосты.