Орталық Азиядағы ең үлкен стадион Шымкентте салынады

  • 7
  • 27.08.2026, 19:59

Оның сыйымдылығы 60 мың адам болады. Бұл жөнінде «Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев мәлімдеді. О баста 35 мың орындық стадион салу жоспарланған екен. Жуырда сметалық-жобалық құжаттар қайта қаралып, оның көлемін 60 мың адамға дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданыпты. Айта кетейік, жергілікті «Орбасы» қазір Шымкент қаласындағы 1969 жылы салынған стадионда ойнап жүр. Оның сыйымдылығы 17 мың адам және үнемі билеттер түгел сатылып, солд-аут тіркелетін.