Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

  • 4
  • 01.10.2026, 18:55

Жапонияда Азия ойындарына қатысқан жеңіл атлеттер мен зілтеміршілер елге оралды. Алматы тұрғындары спорттық жүрістен күміс медаль иегері Кристина Морозова мен биіктікке секіруден екінші орын алған Кристина Овчинниковаға ерекше құрмет көрсетті. Кедергілер арқылы жүгіруден күмісті олжалаған Нора Джерутоға да қошемет көрсетілді. Әсіресе Ясмина Тоқсанбаева жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ол 42 шақырым 195 метрге созылған марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші болып жеткен. Алайда жарыстан кейін спортшының нәтижесі есепке алынбады. Бұған оның спорттық аяқ киімі техникалық талаптарға сәйкес келмеуі себеп болған. Соған қарамастан спортшы жігерін жасытпай, жарыс нәтижесі қайта қаралады деген үмітте.