Елена Рыбакина келер жылға дейін үзіліс алды

  • 2
  • 07.10.2026, 18:47

Елена Рыбакина Қытайдағы жарыстан бас тартып, келер жылға дейін үзіліс алды.

Әлемнің бірінші ракеткасы Ухань қаласында өтетін WTA 1000 сериясындағы турнирге қатысудан бас тартты. Турнир ұйымдастырушылары таратқан мәліметке сәйкес, Рыбакина аяғынан алған жарақатына байланыста жарысқа қатыса алмайды. Мұнан кейін теннисшінің өзі де жанкүйерлеріне үндеу жасап, кешірім сұрады. «Маған қалыпқа келуіме және демалуыма біршама уақыт керек. Түсініп, маған үнемі қолдау білдірген әрбіріңізге рақметімді айтамын. Келесі жылы кездескенше», - деп мәлімдеді Рыбакина.

Уханьдағы турнир 12 қазанда басталып, 18-не аяқталады.