Ақтауда «Каспий ойындары» халықаралық спорт жарысы өтіп жатыр

  • 1
  • 06.10.2026, 18:49

Байрақты бәсекеге Каспий маңы елдерінен келген 400-ден астам студент қатысуда. Дәстүрлі шара студенттік спортты әрі бауырлас елдердің жастары арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуды көздейді.

«Каспий ойындары» сайысының тарихы 2000 жылдан бастау алады. Осы аралықта Атырау, Решт және Махачкалада ұйымдастырылды. 2024 жылы VII ойындар Астрахань қаласында өтсе, биыл Қазақстанда жалғасын тапты.