Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде бірінші орынға көтерілді

  • 0
  • 10.11.2026, 18:31

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек IBF нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы рейтингте бірінші орынға көтерілді.

Зауырбектің кәсіби рекорды – 21 жеңіс, оның 13-і нокаутпен аяқталған. Қазан айында қазақстандық боксшы үміткерлік жекпе-жекте жеңіске жетіп, IBF чемпионы О’Шаки Фостермен кездесуге міндетті үміткер атанды. Егер бұл кездесу өтсе, Фостерге тиесілі IBF, WBC және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Үш боксшымыз ширек финалда

Ал Сенегал астанасы Дакарда жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жалғасуда. Бокстан сынға түсіп жатқан үш спортшымыз алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді. Ұлдар арасында 70 келідегі Бибарыс Әшірбай Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Қыздар арасында 54 келідегі Марал Төлепберген Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен кездесіп, 3-1 есебімен жеңіске жетті. Бұған қоса, 57 келідегі Ақнұр Тұрсынғали Сенегал өкілі Хадидиату Бойромен жолығып, 5-0 есебімен жеңіске жетті.

Енді ширек финалдық кездесулер өтеді.