Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Дәстүрлі садақ атудан әлем чемпиондары елге оралды

  • 0
  • 05.11.2026, 18:24

Дәстүрлі садақ атудан тұңғыш әлем чемпионатында топ жарған спортшылар елге оралды.

Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында өткен байрақты бәсекеге әлемнің 38 елінен 700-ше жуық спортшы қатысты. Құрама қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар. Астаналық 22 жастағы Айкөркем Батихан жамбы нысанасында 1-ші, пута нысанасында 2-орын алып, бірден садақ атудың екі түрінен үздік шықты. 

Айкөркем Батихан, дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионы:

– 200-ге тарта әйел адамдар қатысты. Сол себепті конкуренция өте жоғары болды. Осы жеңісімнің барлығын Қазақ еліне арнаймын.

Нартай Аралбайұлы, республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:

– Бұл өте үлкен жетістік, үлкен мереке. Халықаралық дәрежедегі спорттық жарыстарға барғанда біздің мықты спортшыларымызға құда түсетіндер өте көп. Бұл дәстүрлі садақшылардың мемлекетке тартып жатқан инвестициясының бір бөлігі.