Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматыда гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталады

  • 0
  • 18.11.2026, 18:25

Қолдобының шеберлері Алатау етегінде бақ сынайды.

Алдағы дүйсенбіде Алматыда гандболдан әйелдер арасында 21-ші Азия чемпионаты басталады. Жарысқа он елден команда қатысады. Биылғы бәсекеге Жапония, Иран, Қытай, Оңтүстік Кореядан спортшылар келеді. Таиланд пен алыстағы Австралия гандболшылары да ықылас білдіріпті. Үздік төрттіктен көрінгендер Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазір ұлттық құраманы Марина Пикалова жаттықтырады. Біздің қыздар қыркүйекте өткен Азия ойындарында төртінші орынға тұрақтаған. Азиаданың алтыны Оңтүстік Корея, күмісі Жапония, қоласы Қытай құрамасына тиген еді. Жарыс Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтеді. Бұл жолы біздің құрама есе қайтарады деген ойдамыз.

Гүлнара Тұрлыханова, Қазақстандық гандбол спорт федерациялары қауымдастығының президенті:

– Финалға шығуға үміт қойып отырмыз. Енді сайыста қандай жағдай болатынын көреміз. Еліміздің деңгейін көтеріп, абыройын көтеретін дүние. Оның үстіне біздің барлық ойыншыларымызға үлкен тәжірибе алатын жарыс.