Бас бапкер қызметінен кетеді. УЕФА Ұлттар лигасындағы сәтсіздіктер сериясынан кейін осындай шешім қабылданды.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді. Баспасөз мәслихаты барысында қазақстандық ұйым мен нидерландтық маман арасындағы келісім осы аптаның соңында аяқталатыны белгілі болды. Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Схиппен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдаған.
Осылайша Қазақстан құрамасы алдағы уақытта басқа бас бапкер іздеуге кіріседі. Осылайша Джон ван’т Схип Қазақстан құрамасы тізгінінде үш айдан астам уақыт болып, ресми алты матч өткізді және оның бірде бірінде жеңіске жете алмады.
Ұлттар лигасының C дивизионында өнер көрсеткен ұлттық құрама Словакиядан бір рет, Молдовадан екі рет жеңілсе, қалған үш ойында тең нәтиже тіркеді.