Канвондағы Жасөспірімдер Олимпиадасы аяқталды
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы Олимпиаданы аяқтады. Жас спортшыларымыз жалпы командалық есепте 20 орынға тұрақтады.
Десек те бұл жасөспірімдер олимпиадасы еліміз үшін олжалы болады. Тарихта тұңғыш рет Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден алтыннан алқа тақты, ал хокейден жасөспірімдер құрамасы қолаға қол жеткізсе, шорт-трекші қызымыз Полина Омельчук та қола медель иегері атанды.