Хабар телеарнасы

74 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев тағы да жолға шығады

74 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев тағы да жолға шығады. Ол бұл жолы Өскеменнен Алтай арқылы Моңғолияға, одан әрі Қытайға аттанады. Марафоншы бағыты жаңа ұзақ сапарын қыркүйек айында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайды. Сәрсенбай Қотырашев саяхат арқылы спорттың ғана емес, көшпенді халықтың мәдени мұрасын сақтаудың және насихаттаудың маңыздылығын жас буынға көрсеткісі келеді. Ол жер жүзін жаяу саяхаттауды 2016 жылы жоспарлаған. Бірақ жоспары 2022 жылдан бері жүзеге аса бастады. Марафоншы 6 айда 8 500 шақырым жүріп, Қазақстанның барлық өңірін аралап шыққан. 

Сәрсенбай Қотырашев, марафоншы:
-2022 жылы Ұлытаудан шығып 28 сағат жүріп Жезқазғанға жеттім. Екі күн демалып алып, арбамды алып, Қызылордаға тарттым. Қан қысымымды өлшеп таңғалып таңдай қақты. Мынадай жаста қан қысымы 120-80 деп таңғалды. Менің жасымда дүниежүзінде ешкім мұндай километр жүріп көрген жоқ

Бақтияр Қожахметов, «Ұлы тағзым» ҚҚ директоры:
-Гиннесқа кіру үшін экватордың 40 мың шақырымынан асу керек. Сол себептен қай жаққа жүрсе де, жер шарын айналып өту керек. Бұл кісі жүрген жерінде көшпенді мәдениетінің дүниежүзілік мәдениетке, өркениетке қосқан үлесін айтып жүреді. Бұл кісі тарихты өте жақсы біледі.