Қарағандыда «Мықтылар турнирінің» финалистері анықталды
Қарағанды қаласында әйелдер боксынан өтіп жатқан «Мықтылар турнирінің» барлық финалистері анықталды. Бұл жарыстың басты ерекшелігі – халықаралық ережеге сәйкес қыздарымыз алғаш рет бас киімсіз жұдырықтасты. Жаңа ереже алдағы болатын Азия чемпионатына енгізілуі тиіс.
Бұрымды боксшылар Қарағандыда 12 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Финалға шыққан спортшылардың арасында Алуа Балқыбекова, Ұлжан Сәрсенбек, Милана Сафронова, Валентина Хальзова секілді тәжірибелі былғары қолғап шеберлері бар.
Турнир қортындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, жеңімпаздар қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды.
Жандос Айтбайұлы