Хабар телеарнасы

Биыл Жамбыл облысының споршылары 2 мыңға жуық медаль жеңіп алды

Биыл Жамбыл облысының споршылары әлемдік және ел біріншіліктерінен 1 797 медаль жеңіп алды. Соның есебінен облыс жыл қортындысы бойынша республикада «Үздік спорттық өңір» атанды. Жыл санап аймақта спорт нысандары да көйбейіп келеді.

Парижде өткен 33-ші жазғы Олимпиада ойындарында Жамбыл облысының 5 спортшысы бақ сынады. Төртжылдықтың басты додасында Елдос Сметов топ жарып, дзюдодан алтын медальға ие болды. Сол үшін де ол жылдың үздік спортшысы атанды. Ал оның бапкері  Ғалымжан Жылгелдиев үздік бапкер атағын иеленді. Ол 37 жылдан бері Елдостан өзге мыңдаған спортшыны дзюдоға баулыған.

Ғалымжан Жылгелдиев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Бұл марапаттардың артында қаншама тер болды, қаншама еңбек болды. Ең бастысы спортшыны тәрбиелеу. Спортшыны тәрбиелегеннен кейін осындай марапаттар жасалып жатса, әрине, қуанасыз әрдайым. Осындай мотивация бәріне, бұл үлкен мотивация ғой бапкерлерге де, спортшыларға да.

Жалпы жамбылдық жампоздар бір жылда әлемдік, халықаралық және республикалық додалардан 1  797 медал иеленді.

Азия-Тынық мұхиты ойындарында облыс саңлақтары 2 алтын, 13 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді. Ал 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан 18 жүлде алса, Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасында паражүзуден күміс иеленді. Сонымен қоса палуандар әлембіріншіліктерінің жеңімпаз-жүлдегерлері атанды. Жамбылдық боксшылар Азия чемпионатының 3 жүлдесін қоржынға салды. Бұл саладағы облыс жестістігінің бір парасы ғана.

Жалпы 2024 жылы өңірдің спорт саласын дамытуға 15,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға спортшыларға жағдай жасалып, қажетті спорт нысандары салынып жатыр.

Ернар Ыбрайымов, облыстық спорт басқармасының басшысы:

- Облыс бойынша 2353 спорт нысаны жұмыс атқаруда. Жалпы 54 спорт мекемесі бар басқармаға бағынысты. Биылдыққа 15 спорт нысанының құрылысы басталып, оның 7-еуі қолданысқа беріліп, 2025 жылдың аяғына дейін 8 спорт нысаны аяқталып, қолданысқа беріледі.

Аймақта спорттың 85 түрі қамтылған. Бүгінде 29 мыңнан аса адам кәсіби түрде спортпен шұғылданады. Сонымен қатар 503 мың тұрғын жүйелі түрде бұқаралық спортпен айналысады.

Мерей Бает, Елдар Байділдә