Хабар телеарнасы

Kaspi Жұма: бүкілхалықтық тиімді сауда мерекесі қалай өтті?

Қазақстандықтар қысқа қалай дайындалуды біледі. Жылы киім мен аяқкиім, қысқы дөңгелектер, жылыту құралдары мен басқа да қажетті заттарды күзгі Kaspi Жұма кезінде сатып алған тиімді. Биыл бүкілхалықтық тиімді сауда мерекесі қалай өтті? 

Алушылар затты тиімді сатып алады. Сатушылардың сауда көлемі өседі. Бұл мерекеге қазақстандық өндірушілер де ерекше қуанды.

София Сауранбаева, кәсіпкер, Muzhchino бренді:

-Muzhchino бренді 5 жыл бұрын құрылған. Алғашқы кезде кішкентай өндіріс орны болды. Кейін үлкейдік. Kaspi Жұмаға қатыса бастадық. Биыл үшінші жыл. Kaspi-ге рахмет. Бұл қазақстандық өндіріс, компаниялар үшін мықты қолдау.

Туристік агенттіктер де сатылым көлемі өскенін айтады. Себебі көптеген қазақстандық Kaspi Жұма көмегімен саяхаттай алады.

Зарина Бисембаева, Lilo tour агенттігі сату бөлімінің басшысы:

-Алғашқы күнде біз 100-ден астам туристке бронь қойған болатынбыз. Соның ішінде 80% астамы Kaspi Жұма арқылы тур бронировать етті. Негізі ең танымал және де ең көп сұранысқа ие елдер ол әрине Мысыр, Түркия, БАӘ, сонымен қатар Вьетнам, Таиланд елдеріне сұраныс артып жатыр.

Ірі дүкендер тапсырыстарды жіберуге әрең үлгеріп жатты. Күзгі Kaspi Жұмада ең көп сұранысқа ие тауарлардың бірі – қысқа арналған заттар.

Жансая Мусина, Askona салонының өкілі:

-Kaspi Жұма болған сайын біздің сатылымдар міндетті түрде 1,5-2 есе өседі. Кәсіпкерлерге ол әрине өте тиімді науқан. Сатып алушыларға да өте тиімді. Сондықтан да біздің Қазақстанда осындай платформа бар екеніне әрине мақтанамыз.

Kaspi Жұма кезінде бүкіл ел аумағындағы сатып алушылар тапсырыстарын уақытында алуы үшін жеткізу қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Батыржан Стамжан, Zammler қабылдаушысы:

-Қазіргі таңда Kaspi Жұма біз таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істеп жатырмыз. Біз бұл уақыт аралығында күндігіне 5 мыңнан аса тауарларды өңдеп жіберіп жатырмыз.

Арслан Чотабаев, Aquila logistics курьері:

-Бізде әдеттегі күндегіден 2 есе ұлғайды. Жай күндері мысалға 10-15 тапсырысымызды күнделікті жеткізетінбіз. Kaspi Жұма кезінде 20-25 тапсырыстар шыға бастады күнделікті, көбейе бастады. Біздің жұмысқа әрине бізге заказ көп болғаны өте ыңғайлы ғой. Көп жұмыс істесек көбірек ақша табамыз.

Бұл ауқымды жұмыстың бәрі сүйікті сатып сатып алушылар сауданы тиімді, жайлы әрі рахаттанып жасай алуы үшін жасалған.

Нұр Манасов, SULPAK дүкенінің сатып алушысы:

-Бүгін біз кір жуу машинасын және тоңазытқыш алайын деп жатырмыз. Соларды таңдап, қарап жатырмыз. Kaspi Жұма арқылы алу ыңғайлы және өте тиімді болып жатыр.

Әйгерім Байшәріпова, Euro Mebel дүкенінің сатып алушысы:

-Kaspi Жұмада енді бүгін біз 2 диван алып жатырмыз. Өйткені пәтер алдық өзімізге. Пәтерімізді алып, соның бәрін ішіне қойып, орналастырып, техника алдық кеше. Өте пайдалы зат деп ойлаймын. Мысалы, былтыр да осы Kaspi Жұманы пайдаланып, біз өзімізге теледидар алған болатынбыз. Сондықтан да біз Kaspi Жұманы естіген кезде бірден керек заттарымызды алып алайық деп шештік.

Назерке Ғаниқызы, сатып алушы:

-Мен Kaspi Жұмада морозильник заказ бердім. Өйткені 2 баламен үйде отырмын. Полуфабрикаттар жасап жатырмын. Соған керек болды. Kaspi Жұманы күттім.

Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі қазақстандық саудадағы нағыз құбылысқа айналды. Kaspi Жұма адамдардың өмірі жайлы болуына, ал бизнеске дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.

Авторы: Дана Әлиева