Байқау барысында #khabarbala хэштегімен редакцияға 1000-нан астам суреттер келіп түсті. Әділ төрелік еткен телеарна жүргізушілері 20 суретті ғана үздік деп таныды.
Жүзден жүйрік шыққандар «Қазмедиа» орталығына саяхаттауға мүмкіндік алды. Жеңімпаздар телеарнаның бір күндік тіршілігімен танысты. Балаларға күн сайын тікелей эфирде тарайтын еліміздің ең маңызды оқиғалары көрерменге қалай жететіні осы күнге дейін жұмбақ болып келді. Экскурсия кезінде жаңалықтар студиясына бас сұққан қонақтар мұның да қыр-сырына қанықты.
Телевизия – сиқырлы әлем десек, оның ғажайыпқа толы «ішкі асханасымен» танысуға әркім де құмар-ақ. Осындай үлкен қызығушылықпен келген балалар мен ата-аналар ғимараттың әрбір бөлмесін аралап шықты. Жаңалықтар мен бағдарламалар түсірілетін студиялар алаңы, монтаж жасау процесі, тілшілердің ақпаратты әзірлеу барысын да тамашалап үлгерді.
Осылайша байқауға белсене ат салысқан ең сәтті, ең қызықты деген суреттердің авторлары еліміздің үздік бұқаралық ақпарат құралдары шоғырланған орталықтың ішіне саяхаттады. Олар күнделікті эфирден көретін «Хабар» арнасының жүргізушілерімен бірге естелік суретке де түсті. Балалардың ертеңгі ел сенімін ақтар үлкен азамат, әділдікті ту еткен журналист, сөзге шешен тележүргізуші болып өсемін деген аяулы армандары орындалсын деп тілейміз.
«Баланың тәтті қылығы» фотобайқауының нәтижесі ОСЫНДА
[widgetkit id=15]