Бүгін «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына агенттіктің Басқарма Төрайымы Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова таныстырды.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығы, ТМД-нің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің төсбелгісі, сондай-ақ ҚР Президентінің Гранты сыйлықтарының иегері Ринат Думанұлы Кертаев 1983 жылдың 23 сәуірінде Жамбыл облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Хабар» арнасында қазақ тіліндегі ойын-сауықтық бағдарламалардың продюсері ретінде бастады.
2010-2011 жылдары жаңалықтар бөлімінде редактор-аналитик қызметін атқарды.
2011 жылы «Хабар» арнасы бағдарламалар дирекциясының Бас продюсері лауазымына тағайындалды.