Астанада кемемен жүзу маусымы басталды
Енді әсем шаһардың көрікті жерлерін жаяу жүріп қана емес, кемемен жүзіп тамашалауға болады. Биылғы кемемен жүзу маусымының ерекшелігі қандай?
Риат Шони, тілші:
- Айта кету қажет, бұл кемемен жүзу маусымы мерейтойлық – оныншы болып саналады. Есіл өзенімен әсем шаһарды жұртшылық ең алғаш рет 2009 жылы тамашалаған. Сол уақыттан бері қала флоты үш есеге ұлғайған. Яғни бұрындары бес-ақ кеме болса, қазір олардың саны – 14. Оның 6-ы жолаушыларға арналған. 265 адам сыяды.
Қанат Алин, «Есіл-Астана» МКК директоры:
- Бізде 70-ке жуық адам тұрақты жұмыс істейді. Алдағы жоспарымыз – порт салу. Ол Бейсекова көшесінің бойында болады. Негізі күндізгі 12:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейміз.
Ескеретін жайт, қазір Амфитеатр маңында жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып жатыр. Сол себепті кемемен жүзу маршруты уақытша өзгерген. Яғни әсем шаһарды тамашалауға ниет білдіргендер Кенесары хан ескерткішінен бастап Амфитеатрға дейін бара алады. Бұл шамамен 3 шақырымдық жер. Оған 25-30 минут уақыт кетеді. Ал көпір салынып болғаннан кейін, кемелер бұрынғы маршрут бойынша жүреді. Дәлірек айтқанда, Кенесары ескерткішінен бастап Ақордаға дейін. Бұл жолдың ұзындығы 18 шақырымды құрайды.