Хабар телеарнасы

Астанада Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысы еліміздің тұрақты дамуы үшін стратегиялық міндеттерді айқындады. Бұл туралы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында айтылды. Оған қатысқан Парламент депутаттары, отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар, даму институттары мен оқу орындарының оқытушылары саяси құжаттың әр бағытына талдау жүргізді. Айтуларынша, Жолдауда жүзге жуық бастама мен тапсырма қамтылған. Атап айтқанда, еліміздің экономикасын одан әрі дамыту, ұлт денсаулығын нығайту, кадрлық әлеует пен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және қоғамда құқықтық тәртіп идеялогиясын толық жүзеге асыру секілді өзге де міндеттер бар. Ең бастысы реформаларды сәтті жүзеге асыруға басымдық берілген дейді. Мәселен, өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруде және маңызды істерді атқаруда халықтың қатысуына да мүмкіндік берілгенін жеткізді.

Нұрбек Пұсырманов, мемлекет тарихы институтының директоры:
-Біз Жолдауды сарапшылық түрде талдасақ, Жолдаудың негізгі тезистерінде прагматикалық идеология бар. Бұл «Біздің Қазақстанның тұрақты дамып келе жатыр» деген тезистерінен көруге болады. Ал одан әрі біз тұрақты дамуды қамтамасыз ететін болсақ, онда азаматтық қоғам, одан кейінгі мына мемлекеттік институттар, одан кейінгі бизнес бірігіп жұмыс жасау керек. Бірақ жауапкершілік әрқайсысына ортақ екенін атап өтті.