Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. Даңқты ерлердің мерейтойы қарсаңында «Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі» атты көрме өтті. Оған Ұлттық музей қорынан 100-ге тарта жәдігер қойылды. Онда батырлардың фотосуреттері, құжаттары, киген киімдері мен төсбелгілері, тіпті асынған қарулары да көптің көзайымына айналды. Бұдан бөлек іс-шара аясында қос батырдың өмірі мен ерлігін ұлықтау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Сырым Хасенов, ҚР Ұлттық музейі «Қазақстан тарихы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері:
-Біз музей қорынан және Астана қалалық архивінен қолжазба, фотосуреттер экспонаттарымен үлкен көрме дайындап отырмыз. Бізде Сағадат Нұрмағанбетовтың жеке кителі, ордендері мен медальдары сақталған.