Астанада өңірлер мұражайының көшпелі көрмесі ашылды
Бүгін Астанада «Өткенді еске алу – болашаққа жол» атты өңір мұражайлары көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оған еліміздің 6 өңірінен 30-дан аса музей қатысты. Ондағы мақсат – республика өңірлерінің тарихи жәдігерлерін көпшілікке паш ету. Аталған жоба елорданың 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Айта кетейік, іс-шара шілде айының 7-іне дейін жалғаспақ.
Гүлжауһар Бексұлтанқызы, СҚО музей бірлестігі, ғылыми әдіскерлікпен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі:
- Біз ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арнап Қызылжар елінен «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты ауқымды көрмені әкеліп отырмыз. Бұл көрмеге Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты 90-ға жуық жәдігер қойылды. Мағжан Жұмабаевтың Сарытомар ауылында музейі бар. Сол музейден әкелініп отырған 1894 жылғы құран мен жайнамаз – бүгінгі көрменің ерекшелігі.