Мереке күндері Есілдің жағасы қызыққа толы болды
Астананы өзге ғаламдықтар жаулап алды. Елорда күніне орай шаһардың орталықтары мен саябақтары әлем әдебиетінің кейіпкерлеріне толды. Бас қала тұрғындары мен қонақтары екі күн бойы ашық аспан астындағы көше театрын тамашалады.
Мереке күндері Есілдің жағасы қызыққа толы болды. Түрлі костюм киген әртістер көпшіліктің көңілін аулап, салтанатты шерумен жүріп өтті. Ауа-райы құбылып тұрғанымен, бұл шоу көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Тіпті шабыттандырып жіберді.
Қала тұрғындары мен қонақтары ертегі әлеміне саяхаттап қайтты. Әсіресе, балалар мәз-мейрам. Бұл шеру көше театрларының халықаралық фестивалі аясында өтті. Ашық аспан астында Қазақстан, Эстония, Польша мен Ресейдің театр актерлары өнер көрсетті. Елордада алғаш ұйымдастырылған көше театрының басты ерекшелігі актер мен көрермен арасында тығыз байланыс бар. «Бізге театрдың осы түрін дамыту керек»,— дейді ұйымдастырушылар.
Ақерке Жұманбаева, қалалық мәдениет басқармасының бөлім басшысы:
-Фестиваль аясында жаңағы Эстония мемлекетінен Станислав Вайрки деген осы уличный театрдың ең мықты маманы келіп, біздің қазақстандықтарды оқытты және осы оқудан кейін Қазақстанда да далалық театрлардың дамуының бір серпілісі болады деген ойдамыз.
Бұл көпшіліктің театрға деген қызығушылығын оятып, елімізге турист тартудың бірден бір жолы. Қазірдің өзінде Астана әлем назарын өзіне аудара білді.
Мерекелеріміз құтты болсын! Отбасыларымыз аман болсын! Қазақстанымыз дами берсін, алға!
Авторлары: Алуа Маханбет, Татьяна Ковалёва