Елорда 20 жыл бұрын қандай болды?
Астана аз ғана уақыт аясында жаңа дәуірдің жасампаз шаһары атанды. Барша халықтың қаласына айналған елорда жиырма жыл бұрын қандай еді?
Кеше ғана жарты әлемге жар салып, тұғырлы қаланың тұсауын кескен едік. Бүгінде сол қалаға 20 жыл толып отыр. Мерейлі мерекемен құттықтап түрлі тарту мен сый-сыйапаттар жасалуда.
Бірлік Берікұлы, тілші:
-Жазық даладан әсем қалаға айналу әп-сәтте емес. Десек те Астана қаласының қарқынды құрылысы мен дамылсыз дамуы бізді осыған сендіруде. Дәл қазір мен ботаникалық саябаққа қарама-қарсы тұрмын. Бұл жерде мына алып дуал не үшін тұр деп ойлайтын шығарсыздар. Бұл Қарағанды облысының Астана қаласының 20 жылдығына тартуы. Яғни бұл жерде «Қазақ еліне мың алғыс» атты монумент орнатылады. Сондай-ақ бұл жерде ұзыннан-ұзын Ұлытау аллеясы орын алатын болады. Қазір, міне, құрылысшылар жауын-шашынға да қарамай қызу жұмыс істеп жатыр. Құрылысшылардың айтқанына сенетін болсақ, бұл жұмыстар 2 аптаның ішінде бітеді деп отыр. Көз алдыңызға елестете беріңіз, дәл қазіргі құрылыс жұмыстарымен 2 аптадан кейінгі әдемі көріністі.
Елорда тойы – елдің тойы, елдіктің мерекесі. Бұл «Қазақ еліне мың алғыс монументі» мен «Ұлытау» аллеясы ұлттың қуанышына ортақтасқан қарағандылықтар мерейлі мерекеге арнайы тарту етті.
Серік Рүстембеков, Астана қаласы Сәулетшілер одағының төрағасы:
-Үстінде жаңағы қоладан құйылған мүсін. Мүсіннің жаңағы енді былай қазақтың әдемі келіншегі бейнеленген. Ол құшақтап үш балаларды қорғағандай болып, қамқоршы боп тұрғандай бейне. Біріншіден, ескерткіштен басталады, аяғы сол. Ұзындығы 230 метр кең аллея. Онда біздің киіктер, ақбөкендер бар. Ол Жезқазған даласында көп болатын, табын-табын болатын миллиондаған қазір азайды.
Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойында мерекелік шаралар тізбегі көп болмақ. Дәстүрлі шара рок, хип-хоп және би музыкасы бағыттарына арналған. Әр бағыт бойынша танымал орындаушылар 5 сағатқа ұласатын концерт сыйламақ. Алдымен 29 шілде күні «Алау» мұз айдыны ғимаратында Hip-Hop Fest фестивалі өтеді. Онда жастарға кеңінен танымал әйгілі топтар өнер көрсетеді.
Нұрлыбек Закенов, әнші, музыкант:
-Біз енді қазір өзіміздің топпен, «Ұмай» тобымен жаңа әндер жазып жатырмыз. Тақырыпқа қатысты. Жалпы бұл мерекеде стиль рок болғандықтан, сол бағытта әндер жазып жатырмыз. Қазір дайындығымыз жақсы. Біз аптасына 3 рет дайындық жасаймыз. Жаңағы репетиция. Әндердің тексттерін бәрін жазып, сондай дайындық жүріп жатыр. Барабанда, гитарада ойнамаймын. Ән жазу жағынан, әнді орындау менің міндетім деп айтсам болады.
20 жылдыққа тарту етілетін тағы бір шара қазіргі заманғы музыка фестивалі. Соның бірі – «Еуразия кубогі». КТК ойыншыларының Халықаралық одағы бұл кубокты алғаш рет ұйымдастырғалы отыр. Әдемі әзілі мен қағытпа қалжыңды ағытуға Астанаға клубтың үздік командалары жиналады.
Авторлары: Бірлік Берікұлы, Болатбек Таубалдиев