Елбасының тапсырмасына сай мұғалімдер артық жүктемеден босатылды
Білім – гауһар бағасы жоқ, надандық кесел дауасы жоқ. «Инемен құдық қазғандай» тер төгіп оқып-тоқу – жарқын болашақ кепілі. Бүгінгі технологиялық дәуірде бәсекеге қабілетті ел ғана даму жолынан таймайды. Елбасы биылғы Жолдауында білім берудің озық жүйесін құруды жеделдетуді тапсырды. Жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік берілді, мектептерде жаңартылған мазмұнға көшу жалғасуда.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Вопросам образования придается первостепенное значение, дальше будет еще больше. Учеба должна быть приближена к практике. Учащиеся должны уметь использовать полученные знания на деле. Это и есть новый подход к учебному процессу. В связи с этим перед нашими учителями ставятся очень серьезные задачи: приспособить детей к практическому осуществлению полученных знаний. Кто освоил и подтвердил эту квалификацию, учителям повышается зарплата от 30% до 50%. Весь этот процесс улучшения образования, учебы, совершенствования учебы, учителей, учебного процесса будет в стране продолжаться.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ұстаздың мәртебесі арттырылды. Мұғалімдерге жаңа біліктілік санаттары беріліп, еңбекақылары өсірілді.
Бағым Көптілеуова, ҚР БҒМ басқармасының басшысы:
- Жаңа біліктілік санаттар енгізілді. Педагог модераторға 30 пайыз, педагог сарапшыға 35 , педагог зертеушіге 40 пайыз, шебер педагогқа 50 пайыз қосылады. Бұрынғыдай базалық жалақымен есептелмейді, лауазымдық жалақыға қосылады. Сонымен қатар 4 пәнді ағылшын тілінде беретін 200 пайызға дейін жалақы көбейеді.
Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес ұстаздар артық-ауыс жүктемеден де босатылды.
Бақыт Малгаздарова, А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі:
- Мұғалімдер түрлі іс-шараларға көп тартылатын, құжаттар, есептер деген қағаздың астында көп қалатын едік. Бүгінде осының бәрінен босатылдық. Біз қазір балалармен шығармашылықпен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөлеміз, уақытымыз молынан жетеді.
Жаңа ереже бойынша мұғалімдер тек 5 құжатқа ғана жауапты.
Бағым Көптілеуова, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің басқарма басшысы:
- Елбасымыздың Жолдауына сәйкес мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында олардың жүргізуге тиіс құжаттарының тізбесі бекітілді. Мұғалімдер сынып журналын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды, қысқамерзімді жоспарлау, криетриалды бағалау бойынша жүргізілетін құжаттар, оқушылардың күнделіктерін ғана толтыру ұсынылды.
Бұдан бөлек, екі, үш ауысымда оқу мәселесі біртіндеп шешілуде. Елімізде 7 мың мектеп болса, онда 3 млн-нан астам бала оқиды. Астананың өзінде ғана 150 мың оқушы білім алуда. Жыл сайын оқушылар қатары 18 мыңға көбейеді екен. Сәйкесінше, мектеп санын да арттыру керек.
Биыл Астанада 6 жаңа мектеп жұмысын бастады. Алдағы 3 жылда тағы 30-ға жуық білім ошағы бой көтермек.
Авторлары: Индира Жылқайдарова, Серік Қоңырбаев, Қанат Әбілдин